1 – наурыз Алғыс айту күніне орай «Айналайын» бөбекжайында «алғысым шексіз әлемге» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктін мақсаты, балаларға әрқашан ата-анасына және барша адамзатқа, қоршаған ортаға, қамқор кішіпейіл, мейірімді болуды айтып түсіндіру. Әр бір жасалған жақсылыққа алғыс айтып жүруді үйрету. Ертеңгілікке бөбекжайдың ересек тобының балалары қатысты. Ертеңгілікті «Анашым» әнімен Жұмағазы Жалғас ашты.  Әрі қарай Шатеков Нұржігіттің орындауында «Тәуелсіз елдің ұланы», Сағадин Бекенайдың орындауында «Туған жер» әндерімен және биші қыздарымыздың «Гүлдер» биімен жалғасты. Ертеңгілік соңында барлық балалар ортаға шығып «Біз кішкентай жұлдыздар» флешмобын биледі. Жүргізушінің қойған сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізе білген балалар, ертеңгіліктен керемет әсер алды.