«Айналайын» бөбекжайында 27-қараша күні « Тәрбиеші және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық сайыс өтті. Сайысқа «Айналайын» бөбекжайы тәрбиешілері және бүлдіршіндер қатысты. Жарысқа қатысқан топтар өзін-өзі таныстыру, «Тасымақ», «Көңілді сужұтқыштар», «Кім епті», «Түнгі снайперлер» «Сурет салу», «Көрікті Аққала» секілді жарыстардан бәсекеге түсті. Сайысты көрермендер қызыға тамашалады.
Сайыстың мақсаты – спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын нығайту, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.
Жалпы спорттық жарысы – тәрбиелік маңызы зор шара болды. Осындай тәлімді шараға қатысқан тәрбиешілер өздерін жан-жақты екенін көрсете білді. Қызықты да әрі тартымды өткен эстафеталық сайыста топтар наминациялармен марапатталды . Сайыста белсенділік танытқан топтарға мақтау қағаздары және сыйлықтар табыс етілді.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/186-t-rbieshi-zh-ne-biz-sport-s-jer-bal-ynbyz.html#sigFreeIdfa55bc00d3












