«Айналайын» бөбекжайында 2016 жылдың 13-ші қазанында педагог қызметкерлер арасында «Балаларға қандай ойыншық қажет» атты тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты : ойыншық түрлерімен баланың дүние танымын кеңейтуге, сөздік қорына көмектесетін, қиялын дамытатын ойыншықтар түрлерімен таныстыру болды. Ойыншықтың бала өмірінде алар маңызы ерекше екенін,баланың ойыншыққа деген қажеттілігі кішкентай күнінен қалыптасуы,әр түрлі ойыншықтарды қолдану арқылы баланың таным қабілеттері артып ,ойлау қабілеттері дамитыны туралы айтылды. Қорытынды: тәжірбие жүзінде педагогтар ойыншық түрлерін сипаттау барысында «Ғажайып қалта», «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнап, балалық сезімде болды. Семинар соңында педагогтар өз пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды.












