«Шынықсаң шымыр боласың!» тақырыбында өткен ойын-сауықтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын арттыру.Дене жаттығуларының әдістерін үйрену, қолдану.
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы ой-өрістерін, бір біріне достық қарым-қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік:салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.
«Шынықсаң шымыр боласың!» тақырыбында өткен ойын-сауық өте қызықты және тартымды болды. Балалардың жас ерекшелеріне байланысты «Ғажайып сәт» ұйымдастырылды, ол мультфильм кейіпкерлері тышқан Джери мен мысық Том келеді. (екеуі бір-бірін қуысып жүгіріп кіреді)
«Шынықсаң шымыр боласың!» тақырыбында өткен іс-шарада: «Аяқпенен топ-топ -топ»әніне балалар биледі; «Кім жылдам?»,«Кірпіш қалау»,«Жүйрік ат», «Шеңберден айнал», «Допты себетке лақтыру» ойындарын балалар қызығып ойнады. Музыканың сүйемелдеуімен барлық ойындар көңілді болды.












