«Айналайын»  бөбекжайында тәрбиеші Кисекеева К.Т «Қарлығаш» ересектер тобымен «Жайдарлы жаз» тақырыбында жаздық іс-шара өткізді. Балалар жұмбақ шешіп,жаз мезгілінің ерекшеліктерін атап өтті.Балаларға ертегі әлемінен  қонаққа кішкентай Көбелектер мен Жаз ханшайымы келді.Олар  әр түрлі қызықты ойындар ойнатып ,балалардың көңілін көтерді.Балалар жаз мезгіліне арналған тақпақтарын  айтып берді.Қонақтарға өлеңдер айтып,көңілді би билеп берді.Балалар жақсы әсер алып,келген қонақтармен қоштасты.