Қарағанды облысының білім басқармасы, “Сарыарқа дарыны” аймақтық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен   “Зерек бала” зияткерлік сайысы жыл сайын қалалық және облыс көлемінде өткізіліп келеді.  Осы  оқу жылында “ Зерек бала” V облыстық зияткерлік сайысына біздің “Айналайын”  бөбекжайымыздан ересек және естияр тобының тәрбиеленушілері сайысқа қатысқан болатын. Әр жылда тәрбиеленушілеріміз жүлделі орынға ие болып келеді.  Бұл жолыда бүлдіршіндеріміз, соның ішінде естияр “Балдырған” тобының тәрбиеленушілері – Қыдырмұрат Ақнұр,  Ерғали Хамит  І орын,  Әлімхан Дарын  ІІІ орынды, Мұрат Темірлан  және  ересек “Қарлығаш” тобының тәрбиеленушісі Тұрдыбай Назерке  ІV орынға ие болып, бізді қуантты.