Менсіз астың дәмі жоқ,

Күлдіре алмаймын, жылайсың.

Ащы болсам да мені,

Базардан жиі сұрайсың.

Түшкірсең, пысқырсаң

Мен шипа боламын.

«Күншуақ» ортаңғы тобында  «Пияз отырғызу» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті өтті.

Ұйымдастырылған оқу іс‑әрекетіндегі мақсаты: пияздың әртүрлі болатындығы, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп – баптауға талпындыру.

Балаларға таңғаларлық сәтке Жұмбақшы әже келді. Жұмбақшы әже балаларға себетке салынған көкөністерді алып келді. Балаларға жұмбақты жасырып, көкөністерді көрсете отырып,   көкөністердің түрлерін үш тілде айтқызды.

 Балаларға суреттермен жұмыс жүргізе отырып,  пияздың әртүрлі болатындығын және адамға пайдасы туралы мағлұмат берді. Оларға практикалық жұмыстың жасалу барысын айтып,көрсетіп, түсіндіріп  өтті.

    Балалар пияздарын  қызыға отырғызды. Отырғызылған пияздарымен  балақайлар «Терезе алдындағы бақша» көрмесін ұйымдастырды. Балалар кішкентай бақшаға күтім жасай отырып, жастайынан табиғатты сақтау мен аялауға үйренеді.