Осы жылы 12 ақпан күні «Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Отан ана» атты балалардың қатысуымен Февтивальдык концерт өтті. Аталған концерт жылдың «Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығына» және Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арнап, өскелең ұрпақты жастайынан , Отан сүйгіштікке достыққа және адамгершілікке мейрімділікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды .Көркем де сәнді безендірілген залға бүлдіршіндер лық толды. Мерекелік концерт Халық аралақ фестивальдің лауреаттары «Айналайын» би тобының «Шебер қыздар» биімен басталды .Бағдарламаға сай балалар туған халқына, Отанына және ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізді. Астанада өткен Халық аралық «Жаңа жыл» фестивалінің лауреаты 1 орын жүлдегері Әселдің орындаған «Жақсы көрем»әні Республикада өткен «Алғашқы қадам» және Халық аралық «Жаңа жыл» фестивалдарының лауреаты Назеркенің орындаған «Әкетайым» әні, Республикада өткен Халықаралық феситивалдің лауреаты Дарынның орындаған «Ұлы Отан»әні және Айсұлудың орындаған «Аяулы анашым» әндері ,Қыдырмұрат Ақнұрдың оқыған Мұхағали Махатаевтың «Балалық шағым» атты көркем сөзі көрерменнің көңілінен шықты .Концерт соңында Халық аралық «Жаңа жыл» фестивалінің лауреатытары 1 орын жүлдегерлері ең кішкентай бүлдіршіндеріміз «Көбелек» биін биледі.Балабақша әдіскері Хизирова Дүрия Мырзабекқызы өнерпаз балаларға және хореграф Перизат Маратқызы мен музыка жетекшісі Марс Әбуұлына алғыстарын жеткізді. Болашақта осы бүлдіршіндердің Отан сүйетін, ата-ананы қадірлейтін,бірлік пен халықтар достығын сақтайтын ұрпақ болып өсуіне сеніміміз мол –деп айта аламыз.












