2015 жылдың ақпан айының 5‑ жұлдызында « Өзін –өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінде «Күншуақ» ортаңғы тобында «Әдептілік ‑әдемілік» әңгіме сағаты өткізілді.
Әңгіме сағатының мақсаты балаларды әдеп пен әдемілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға нақыл сөздер мен мақалдарды үйрету арқылы біз балалардың бойында жақсы қасиеттерді сіңіреміз.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, әдептілік, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу, ол әр ұстаздың, ересек адамның міндеті.
Тәрбиеші: шаттық шеңберіне шақырды, балалар бір‑бірімен амандасады. Балаларды музыка әуенімен саяхатқа алып барды. Әдептілік мырзамен кездесті. Әдептілік мырза балаларды ойынға шақырды. «Жаман мен жақсы» және «Сиқырлы сөздер» ойынына балалар белсене, қызыға қатысты.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/158-k-nshua-orta-y-tobynda-deptilik-demilik-gime-sa-aty-tkizildi.html#sigFreeIdd3527e0d55












