2015 жылдың ақпан айының 6 жұлдызында “Айналайын” бөбекжай-бақшасында Бөбек қорының негізін салушы және президенті “Өзін-өзі танудың авторы, Қазақстан Республикасының тұңғыш ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған “Ана мейірімі” атты тақырыпта бөбекжай-бақша тәрбиеленушілерінің арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Балалардың анаға деген сүйіспеншілік, мейірімділік құрмет сезімдерін ояту, сонымен қатар өзара қарым-қатынасқа тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл іс-шараға ортаңғы топтан “Балдырған” тобы және ересек “Қарлығаш” тобының тәрбиеленушілері қатысты. Гран При жүлдесін “Балдырған” тобының бүлдіршіні Қыдырмұрат Ақнұр жеңіп алса, «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Сұлтан Аружан І орынды иеленді. ІІ орынға «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Шадыбай Іңкәр мен «Балдырған» тобының бүлдіршіні Бердимуратова Анель ие болды. Сайысқа қатысқан ұлдарымыз Юлдашбай Азамат пен Пердебай Алмас ІІІ орынды жеңіп алды.
Сайысты одан әрі әнмен, би жандандыра түсті. Сайысқа қатысқан алты сайыскерлері- мізде Сара апасына арнаған жыр шумақтарын таза сәби жүректерімен көрермендерге жеткізіп жатты.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/157-b-bekzhaj-ba-sha-t-rbielenushilerini-arasynda-m-nerlep-o-u-sajysy-tkizildi.html#sigFreeIdbe558987a5












