«Айналайын» балабақшасында қаңтар айының 28 жұлдызында «ортаңғы» топ балаларымен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтті. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Маша мен аю» ертегісі. Балалар ертегіні тыңдай отырып, ертегі әлеміне сиқырлы жаңбыр арқылы саяхатқа шықты. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегімен таныстырып отырып, балаларға әр түрлі дидактикалық тапсырмалар берілді.
Мысалы: «Орман жемістерін ата»; «Себеттегі жеміс-жидектерді, саңырауқұлақтарды сана»; «Орамандағы жолдарды анықта»(ұзын-қысқа, жуан-жіңішке); құмтерапиясы да қолданылды, балалар ботқа ұнтағымен орман жолдарын жауып, оның үстіне Машаның іздерін саусақ ұштарымен салып өтті. Ертегі әлеміне саяхатқа шығарда және балалар тапсырма орындау уақытында, бөлмеде баяу әуен қосылып отырылды. Яғни музыкатерапия әдісі де балалардың жұмыс жасауына жағымды ықпалын береді. Ертегі кейіпкерімен бірге балаларда тұзды қамырдан бәліштер жасады. Балаларға қамырды ұстаған, оны ұмаждап, созып, әр түрлі пішінді бәліш жасау ұнады десек те болады. Ертегіні тыңдай отырып, балалар кейіпкерлердің көңіл күйімен де танысып отырды. Біз қандай дағдайда ренжиміз, қуанамыз, жабырқаймыз, таңғаламыз деген көңіл күйді атап, көрсетіп кетті.
Балалармен сергіту сәтінде «Көңіл күйдің дыбысы» атты ойын ойнадық. Мысалы: ренжігенде «ух» дейміз; қорыққанымыз да «ой» дейміз; таңырқап «о» дейміз; қуанғанда «ха-ха-ха» дейміз, т.б. Сонымен қатар Машаның көңіл күйінің жоғын, балалар мөлдір суды қара түске бояп көрсетті. Яғни біз ренжісек, жабырқасақ біздің көңіл күйіміздің түсі қара болады екен. Бұл арттерапия әдісі.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларды дидактикалық ойындарымен қызықтырды, ертегі әлемінен балалар құрғақ жаңбыр астынан өтіп, түрлі түсті лентадан кемпірқосақ жасап айналды. Сабақ соңында балаларға қуаныш смайлик таратып және Маша мен аю суретінің макетін бояуға үйге тапсырма бердім.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/155-ertegiterapiya-masha-men-ayu.html#sigFreeId1e64019ce2












