Денсаулық аптасына орай «Айналайын» бөбекжай –бақшасында ересек топтар арасында  «Ең әдемі аққала» сайысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа, қиялдай білуге, әдемілікке тәрбиелеу.

Іс-шараға барлық топтар қатысып, тәрбиешілерімен әдемі аққалалар жасады. Аққаланы әсемдеу үшін  балалар басын, қолын, аузын, көзін, мұрнын әр түрлі заттардан жасады. Аққала жасау ойыны балаларға өте қызықты болды.

Байқаудың соңында «Күншуақ» тобы «Ең әдемі аққала», «Балдырған» тобы «Ең көңілді аққала», «Қарлығаш» тобы «Балуан аққала» номинацияларын жеңіп алды.