Қаңтар айының 6-жұлдызында «Айналайын бөбекжай-бақшасында «Білімпаз» Таным зертханасының мүшелері «Судың қасиеттері» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.
Шеберлік сыныбы судың пайдасы,қасиеттері, маңызы туралы түсінік беру; білімдерін кеңейту, тәжірибе барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілді.
Шеберлік сынып барысы педагогтардың ортаға шығып, шаттық шеңберін құрып, үш тілде амандасудан басталды. Содан соң зертхана жетекшісі Ж. Күлмағамбетова келген қонақтарды зертханаға шақырды.Онда педагогтармен зерттеу, бақылау жұмыстарын өткізді.Алдымен жұмбақ шешкізіп, соңынан мақал-мәтел, тиым сөз айтқызып жарыстырды.Одан кейін зерттеу жұмыстарын жүргізді.7 тәжірибелік іс көрсетілді. Бұдан педагогтарымыз судың мөлдір екенін, судың дәмсіз,түссіз,иіссіз,сіңгіш екеніне көз жеткізді.
Үш тілде су, жаңбыр сөздерін айтқызды. Педагогтармен «Бұлт пен тамшылар» атты ойын ойналды.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/153-sudy-asietteri-ta-yrybynda-sheberlik-synyby.html#sigFreeId480a13b2f2












