Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында ел ордасы Астана қаласында өткен, Халықаралық «LUCKY PEOPLE» өнер ассоциациясының «Евразия жұлдыздары» жобасы бойынша, халықаралық «Жаңа жылдық карнавал»   балалар мен жасөспірімдер өнері бойынша өткізілген байқау фестиваліне қатысып қоржынды жүлделі орындармен толтырып қайтты. «Өнерге әркімінің де бар таласы» демекші біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің ән айту, би билеу өнерлерін көрсетіп әділқазылар алқасына таңдай қаққызды. Байқаудың ең кішкентай қатысушылары болып 4-ші топтың 4 жасар «Айналайын» бишілер тобы «Көбелектер әлемі» биімен 1 орынға ие болды. 6-шы топтың мың бұралған биші қыздары «Шебер қыздар» биін билеп, 2- ші дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды. Сонымен қоса бала бақшаның әншілері де вокал номинациясы бойынша жеңістерге жетті. 1-ші дәрежелі лауреатты 4-жасар Бекен Әсел, 2-ші дәрежелі лауреатты Әлімхан Дарын, 2-ші дәрежелі лауреатты Тұрдыбай Назерке алды. Тілеп қобыз сарайының сахнасын бағындырған бүлдіршіндер осылай қаламыздың, бала бақшамыздың мақтанышына айналды. Өнерлерін өрге жүзіп, қанаттарың талмасын «Айналайын» бүлдіршіндері деп тілейміз!