«Жастармен жұмыс жөніндегі орталығының» ұйымдастыруы бойынша Приозерск қаласында «Күміс көмей, жез таңдай» атты Облыстық патриоттық ән байқауы өтті.  

Ән байқауы Қарағанды облысының әр өңірінен жиналған әншілердің арасында өтті. Сол байқауға Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжай-бақшасының хатшы, іс жүргізушісі Кажкерова Сауле Айнакуловна қатысып,  әнді тамаша орындап, өз өнерін көрсетті.