«Айналайын» бөбекжай бақшасында желтоқсан айының 10-шы жұлдызы күні тәрбиеші Кисекеева К.Т «Қарлығаш» ересектер тобымен «Мен елімнің кішкентай азаматымын» тақырыбында ашық ҰОІӘ өткізді.
ҰОІӘ-ң мақсаты:балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,туған жері жайлы білуге тәрбиелеу және есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту.
ҰОІӘ –нде балалар ойын арқылы Қазақстан қалаларына саяхат жасап,әр қаланың көрікті жерлерімен танысты.Отан , туған жер жайлы тақпақтар,мақал-мәтелдер айтты.
ҰОІӘ барысындағы тапсырмалар интерактивті тақтада берілді және балалар қызыға орындады. ҰОӘІ-н қорытындылау мақсатында баллалар бөліктерге бөлінген ҚР картасын құрастырып, «Отан туған еліміз» әнін орындады.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/147-men-elimni-kishkentaj-azamatymyn-ta-yrybynda-ashy-oi.html#sigFreeIdc798568b96












