Желтоқсан айының үшінші жұлдызы күні Айналайын балабақшасында ортаңғы «Жұлдыз» тобында «Біздің қанатты достар» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс әрекеті өтті.Тәрбиеші оқу іс әрекетін көңілді шаттық шеңбермен бастап,балаларды қызықтырды. Оқу іс әрекет тапсырма барысында балалар үй құстарымен жабайы құстарды интерактивті тақтаға орналастырды. Балалар құстардың дауысын салып,сергіту сәтін музыка ырғағымен жасады. Балалар құстарға байланысты тақпақтар айтты,оларға адамдардың қамқорлығы керек екенін білді.