«Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Қарлығаш», «Күншуақ» топтарының тәрбиеленушілерінің қатысуымен  «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты тақырыппен ІІБ  полиция қызметкері  Даирбекова Мадина әңгіме сағатын өткізді.

Балаларға  ІІБ  полиция қызметкері  Мадина апайларымен өткен әңгіме сағаты өте ұнады. Балалар жол ережесі туралы білімдерін пысықтап,  жолда жүру ережесі туралы тағы да бірталай мағлұмат алып, өз білімдерін толықтыра түсті.