Монтессори кабинетінің салтанатты ашылуына жергілікті білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Г.К.Касимова және басқада мектеп, балабақша басшылары және АО « Республикалық балаларды оңалту орталығының» монтессори –педагогтары қатысты. 

Баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу мәселесі деп есептейміз. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандай да бір іс-әрекетке итермелейді.

            Монтессори әдістемесінің мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

          Монтессори әдістемесінің педагогикалық қағидалары: өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; танымдық күшін қалыптастыру, дамыту; әр баланың қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; оқу үрдісін баланың сезінуі; танымдық шығармашылық икемділігін дамыту; балаға ізгілік тұрғысынан қарау; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

       Монтессори даму бөлмесіндегі жұмыс – балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, еркін қозғалысын,адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін өте жақын орналасқан  орталықтарға ықпалын тигізеді, сондықтан ұсақ қол  моторикасының дамуына көп көмек береді. Яғни, бұл дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығы қолдың икемділігін арттырумен қатар, баланың тілінің дамуына да әсер тигізеді.

     Мектепке дейінгі  жастағы  балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын атқаруда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түрлендіре отырып, әр формада технологияларды пайдалана отырып жүргізу қажеттілігі заман талабына сай туындайды. Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М.Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді. Бұл әдістің мақсаты еркін, өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Монтессори кабинеті  бес негізгі аймаққа бөлінген:

1. Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.(Күнделікті өмір жаттығулар аймағы)Күнделікті өмір жаттығулары аймағында орналасқан жаттығулар баланың күнделікті өмірде өзі көріп жүрген заттарынан құралған.

 Мақсаты: Қозғалыс жүйесін дамыту, қоршаған әлем ішінде тепе-тендікті сақтауға үйрету. Баланың қолын жазуға дағдыландыру, қаламды үш саусақпен дұрыс ұстап үйренуіне көмегін тигізу.

2.  Математикалық материалдар. (Математика аймағы)

Математикалық монтессори материалы баланы сенсомоторлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып, қанағаттандыру жолдарын іздеуге дағдыландырады .

Мақсаты: баланы алғашқы математикалық түсініктерімен таныстыру, математикалық амалдарды үйрету.

3. Сезім мүшесін дамытатын материалдар. (Сенсорлық аймақ)

Мақсаты: Үлкен, кішкентай түсініктерін қалыптастыру. Моторикасын дамыту. Сенсорлық  материалдар арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата білуге үйрету. Жеңіл, ауыр   ұғымы туралы түсінік беру.  

4. Сөздік қорын дамыту материалдары. (Тілдік аймақ)

Мақсаты:

Әріп  пен дыбыс туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөздік қорын молайту. Жазуға, оқуға дағдыландыру.

5. Қоршаған ортамен таныстыру материалдары.(Ғарыштық аймақ  )

Бала туғаннан өсе келе қоршаған ортадағы заттармен  қарым-қатынас жасай бастайды.

Мақсаты: Бұл аймақта астраномия, биология, география ғылымдарымен таныстыру..

М.Монтессори педагогикасының мазмұны «баланың табиғатына сену, оны бағалай білу, өз-өзін  дамытуға мүмкіндік беру».