13-ші қараша күні дене тәрбиесі нұсқаушысы Айтпаева Жанар «Денсаулық және спорт елі!» тақырыбында шебер класс көрсетті. Шебер кластың өту мақсаты спортқа деген қызығушылықтарын ояту, шапшаңдықтары мен ептіліктерін арттыру болды.

 Музыка әуенімен залға «Денсаулық» кіреді. «Денсаулық»  барлық  ұлдар мен  қыздарды «Денсаулық және спорт еліне» саяхатқа шақырады. Ортаға педагогтар шығып «Зымыран» және «Спутник» командалары болып  екіге  бөлінді. Командалар өздерінің ұрандарын айтып, сәлемдесті. Олар эстафеталық ойындар ойнап, қызыққа бөленді. Әріптестерге спорттық кезеңдер ұнады. Бейнетаспадағы қимыл-қозғалыспен шебер класты қорытындылады