«Балам білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ ілім шоғын көсеңіз...
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйып, сүттей сіңір қанына»
Жүсіп Баласағұн
Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болды. Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай «бала өміріндегі ойынды ол-баланың еңбегі»,- дейді, демек бала әлеміндегі кәдімгі еңбек. Сондықтанда бала еңбегі – ойын. Осы ойындар арқылы баланы еңбекке баулимыз. Балаларды жұмысты бастап, оны аяғына дейін жеткізуге, өнерге қызығушылығын арттыруға, қиялын дамытуға, қоршаған ортаға аяушылықпен қарауға, ұсақ және ірі қол моторикасын дамытуға, тіл кемістіктерін дер кезінде анықтауға, психологиялық тұрғыда мықты тұлға ретінде қалыптасуға зертханаларда өз көмегін береді. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберліктерін қажет етеді.
«Айналайын» балабақшасында өткен 2013-2014 оқу жылынан бастап түрлі зертханалар жұмыс жасайды. Әр зертхананың жетекшісі және мүшелері бар. Зертхана жұмысының өз бағыты, ережелері бар. Балабақша балалары бес білім саласы бойынша даму деңгейлері бақыланып, зертханаларға жіберіледі.
Аз баламен жұмыс жасау тиімді нәтиже береді, сонымен қатар әр түрлі жастағы балалар бірігіп жұмыс жасай алады.
Үстіміздегі оқу жылының қараша айында кезекті педкеңес сағатында осы зертханалардың ішіндегі «Қызықты әлем» психологиялық зертхана мүшелері өз сабақтарынан педагогтарға шебер класс көрсетті. Шебер класс «Алғашқы солақайлықты диагностикалау» тақырыбында өтті. Сабақ мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың солақайлығын уақтылы анықтау. Сабақ әдісі: қозғалыс – релаксациялық жаттығулар; эксперимент «диагностикалық); арт-терапия түрінде өтті. Шебер класс барысында педагогтарға әр түрлі тапсырмалар беріліп отырды. Бұл тапсырмаларды педагог қай қолымен жасады, қай қолымен ыңғайлы болғанын жұмыс барысында анықтап отырдық. Тапсырмалар ойын түрінде болды, соның ішіндегі «мотометрикалық тест (өрнекті қию)» ойыны тәрбиешілердің шеберліктерін, қиялдарының ұшқыр екенін, тіл байлықтарын сыртқа шығаруға себебін тигізді.
Шебер класс тапсырмалары, адамдардың бірдей емес екенін, әр баланың қабілеттері, мүмкіншіліктері және тұлғалық сапалары әр түрлі екенін көрсетті. Балаларды жақсы, жаман деп бөлуге болмайтынын және әр баланың бойында көрінбейтін өнері болады, тек тәрбиеші соны уақытында көріп, сыртқа шығара білу керек. Сонымен қатар бүгінгі сабақ мақсаты балалардың ұсақ және ірі қол моторикасын дамыту және алғашқы солақайлықты анықтау болатын. Егер бала қаламды дұрыс ұстай алмауына байланысты сол қолға ұстаса, оны әліде оң қолына ұстап үйретуге болады. Егерде баланың сол қолымен қаламды дұрыс ұстап қолдануы ынғайлы екенін анықтасаңыз, оны оң қолына ұстап үйретуге болмайды. Себебі баланың жазу қабілеті бұзылады, бала психикасына да әсер тигізуі мүмкін.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/139-sheber-klass.html#sigFreeId67d993e7e3












