«Өнер және спорт мектебі» КМҚК күзгі демалыс уақыты бекітілген жоспар бойынша жүргізілді. Мақсаты: бала тұлғасын жан – жақты дамыту, оқушыларды шығармашылық және спорттық жұмыспен қамту. Сонымен қатар тәрбиеленушілердің түрлі қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру.
Осы орайда 04-11 қараша аралығында мектеп педагогтары мен бапкерлері төмендегі жұмыстарды атқарды:
1. Спорт бөлімі бапкерлерінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Кім жүйрік?» атты спорттық жарыс өткізілді.
2. Көркемөнер бөлімі педагогтары салауатты өмір салтын насихаттау, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру «Би марафонын» өткізді.
3. Көркемөнер және музыка бөлімдері педагогтарының ұйымдастыруымен тәрбиеленушілердің жалпы ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Өнерлі өнерпаздар» атты театрландырылған қойылым дайындап, өткізді.
4. Тәрбиеленушілердің күзгі демалыс күндерін қызықты, әрі тиімді етіп өткізу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Күзгі бал» ұйымдастырылды.
5. Тәрбиеленушілердің өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жұлдызды сәт» байқауы өткізілді.
6. Тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтау, жаңашылдыққа талпыну, жас ұрпақтың бойына қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Алтын күз» көрмесі ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараларға 450 тәрбиеленуші белсене атсалысты. Оқушылар өздерінің бос уақыттарын көңілді өткізуде.












