5-қарашада «Айналайын»бөбекжай-балабақшасының «Жұлдыз» тобында «Алтын күз» атты ертеңгілік болып өтті.

Ертеңгілікке Күз Ханшайымы, Бағбан ата қатысты. Балалар күз туралы тақпақтарын айтып, «Күз келіпті» әнін орындады. Күз Ханшайымы балаларға жұмбақ жасырып, ойын ойнатты.

Балалар бағбан атамен «Көкөністер» биін қызыға биледі. Ата-аналар да назардан тыс қалмай «Жалғасын тап» ойынына қызыға қатысты.

 Балалар ертеңгіліктен күзде болатын табиғаттағы өзгерістерді біліп, күз ханшайымының сыйлығын алып, көңілді қайтты.