29 қазан күні «Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Қарлығаш» ересектер тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Алтын күз» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте балалар күз мезгіліне байланысты өлең, тақпақтарын айтып, көкөністер биін биледі.

Мерекелік кеш барысында балалармен бірге ата-анадарға арналған ойын ұйымдастырылды. Кеш соңында ертеңгілікке келген «Күз ханшайымы» балаларға арналған сыйлығын қалдырып кетті.