Біздің «Айналайын» балабақшасында,музыка жетекшісі Сулейменов Марс ағайдың ұйымдастыруымен «Әнші балапан» ән,би байқауы болып өтті. «Құлақтан кіріп бойды алар,әсем әнмен тәтті күй»,- деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай жақсы ән мен күйдің сиқырлы әуені адамның жан дүниесін әдемі әсерге бөлеп,көңіл күйін сергітеді . Мектепке дейінгі мекемеде жан-жақты жетілген тұлғаны тәрбиелеу және де балалардың музыкаға бейімділігін қалыптастыру мақсатында, ұйымдастырылған бұл «Әнші балапан байқауы» тартымды өтті. Байқауда кіп-кішкентай бүлдіршіндеріміздің қоңыр дауыспен айтқан әндері мен хореограф Нуршаева Перизат апайдың үйреткен билері баршамызды тебірентпей қоймады.Байқау соңында «Талаптарың таудай,қанаттарың талмай,биіктерге самғай беріңдер»-деген ақ тілектерін айтып қаламыздағы, Әскери прокурорының орынбасары сөз сөйлеп қатысушыларға сыйлықтар таратты.Байқауға қатысушыларды құттықтап балабақша әкімшілігі атынан балабақша әдіскері Дүрия Мырзабекқызы алғыс хаттармен марапаттады.
Жүлделі орын алған вокал номинациясы бойынша 4 талапкер, және балабақшамыздағы «Айналайын» би тобы Республикалық «Первые шаги» ән ,би байқауына жолдама алды.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/131-nshi-balapan-n-bi-baj-auy.html#sigFreeId530d10c0db












