«Айналайын» бөбекжай- балабақшасының бүлдіршіндері тағы да жеңіспен оралды. Балабақша тәрбиесіне қоса біздің бүлдіршіндер өнерді де қатар алып жүріп үлкен сахналарды бағындырып, үлкен жетістіктерге жетуде. Дәстүрге айналып үлгерген  жылда  наурыздың 16 жұлдызында Алматы қаласында өтетін «Первые шаги» атты  Республикалық конкурсқа ағымдағы жылы, қатысып бүлдіршіндеріміз жүлделі орындарға ие болды. Балабақшамыздың музыка жетекшісі Сүлейменов Марс ағайдың, бала бойындағы өнерін  ән айтуға деген талаптарын әрі қарай дамытып еңбектену арқасында төрт бірдей бүлдіршініміз вокал номинациясы бойынша өнерлерін көрсетті. Тәп- тәтті сыңғырлаған дауыстарымен көрермендерді тамсандырған бүлдіршіндерімізді атап айтсақ  ең кішкентай 4 жастағы әнші қызымыз Тұрдыбай Назерке 1 орынды, Раджапбай Нұрлан 2 орынды, Таткен Толғанай 2 орынды, Смайл Әлім 3 орынды иеленді. Сонымен қатар биші бүлдіршіндеріміз де құр қайтқан жоқ. Балабақша хореографы Перизат Маратқызының жетекшілігімен   «Қарлығаш» тобының 12 бүлдіршіні  «Татар» биін билеп топты жарып 1 орынға ие болды. Осылай кіп- кішкентай болсада балабақшамыздың, қаламыздың атын шығарып қайтқан бүлдіршіндерімізге алғыс айтамыз.

«Тәрбиенің бастауы тал бесіктен», «Бұлақ көрсең көзін аш» деген қанатты сөздерді алға мақсат етіп қойып өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, өнерді сүюге, өз елінің кірпіші болып қаланатын азамат болып өсуіне, әр қайсымыз үлес қосып отырсақ нұр үстіне нұр болары хақ.