Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурызға бөбектер тобының балаларына өте қызықты болды.Ұлы мерекеге балалар тақпақтарын айтып жылқы жылы мен Наурыз қызға би биледі, өлеңдерін айтты. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай ақ кимешекті әжеміз Наурыз көже әкелді.Тойды одан әрі «Бесікке салу» рәсіммен жалғастырды. Аңызбен, ертегімен бізге жеткен Ертөстік батыр атпен шауып келді.
Балалармен бірге ұлттық ойындар «Ханталапай» ойынын «Кім жылдам» ойыныны ойнатты Батасын беріп, жолға аттанды. Ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, Қыдыр ата келді. Қыдыр ата ұлыстың ұлы күніне батасын беріп, ертеңгілік «Қаражорға» биімен аяқталды.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/129-ajnalajyn-balaba-shasynda-balapan-tobynda-lysty-ly-k-ni-nauryz-atty-erte-gilik-bolyp-tti.html#sigFreeId2038dad0fc












