Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысып, елордамыз Астана қаласына саяхат жасады. Балалар тосын сәтке таң қалды. Ақсақал атамыз тәуелсіздікке қол жеткізген қуанышты  сәтімізге түсірілген бейнетаспаны көрсетті. Балалар ұоіә-нен алған әсерлерімен бөлісіп, қариядан бата сұрады. Әнші Маржан Арапбаеваның «Ия солай» әніне балаларды билетіп оқу іс - әрекетін қорытындылады.