Күні: 18.02.15ж.
Білім саласы : «Қатынас» «Таным» «Денсаулық»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: « Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың бойында іскерлік түрлерін қалыптастыру, жандарына жақын адамдардың бейнесін сомдайтын сюжеттерді көрсету, сөйлеу барысында ағаштан, пластмассадан деген сөздерді үйрету, диалогты сөйлей білуге, , өз бетінше ролді толықтыра түсуге үйрету..
Дамытушылық: Балалардың ойын кезінде бір –бірімен байланыста бірнеше әрекет түрлерін атқарудың екі кейіпкердің қарым –қатынасы , тақпақтар айту арқылы сөздік қорларын дамыту..
Тәрбиелік: Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға , сыпайлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ойыншықтар дүкені.
Әдістері : Рөлді сомдау, жеке жұмыс, ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаштан жасалған құрастыру ойыншығы, пластмассадан жасалған қуыршақ,ойыншықтар дүкені жазуы, монтоссори материалдары.
Қостілділік компонент: ойыншық‑игрушка, дүкен‑магазин, аю –медведь, қуыршақ –кукла, , доп –мяч, сатушы –продовец.
|
Әрекет Кезендері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады. Армысың Әлем! Армысың Жарқын Күн ! Армысың абзал адам, Армысың жан досым! Бізге қонаққа апайлар келді. (Қонақтармен амандасу) |
Балалар шеңбер болып тұрады, қайталап айтып, қимылмен көрсетеді.
Балалар қонақтармен амандасады. Сәлеметсіздер ме апайлар ! |
|
Іздену-құрастырушы
|
Балаларды ұйымдастырып, тақтадағы суретке назарын аудару. ‑Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар? ‑Бұл дүкенде не сатылады екен ? . –Мынау тұрған апай кім ? ‑Мынау ағай кім? ‑Ол қызына не сатып алады?. Балалар, сендер ойыншықтар туралы тақпақ білесіңдер ме? Олай болса тақпақтарымызды айтып беріңдерші,
Сергіту сәті: Ойыншық, ойыншық, Сен неге күлмейсің, Бір ауыз жақсы сөз Айтуды білмейсің.
Сендер саяхатқа барғыларың келе ме ?. Ал енді саяхатқа шығайық. (музыка әуенімен) ‑Балалар дүкенге бару үшін біз мына жол кедергілерден өтуіміз керек. Тепе –теңдікті сақтап жүреміз.. Су ағынан өту ,сандарды басып санау арқылы судан өттіп, ойыншықтар дүкеніне жетеміз.. Балалар ойыншықтар дүкеніне келіп жеттік. Мен сатушы боламын. Ал сендер сатып алушы боласыңдар. Сонымен қатар менің көмекшілерім бар. Балалар дүкеннен не көріп тұрсыңдар ? Педагог : балаларға ойыншықтар туралы айтады. Ойыншықтар ағаштан жасалған,, пластмассадан жасалған,,матадан жасалған ойыншықтар бар. Ағаштан жасалған ойыншықтар қатты, жеңіл, ауыр да болады. Пластмассадан жасалған ойыншықтар жеңіл болады. . Матадан жасалған ойыншықтар жұмсақ болады. Ойыншықты таза, ұқыпты , жыртпай, сындырмай ойнауымыз керек екенін ұмытпаңдар. Мазмұнды рөлдік ойын. «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнауға шақырамын. Педагог : Үш қыз сатушы, бір кассир қыз болады. Ал қалғандарын сатып алушы боласыңдар. Мен ортаға алты баланы шақырамын. Сендер сатушыға барып өздеріне ұнаған ойыншықтарыңды сатып аласыңдар. Ағаштан жасалған ойыншықтар бөлімініде : Айсана сатушы. Пластмассадан жасалған ойыншықтар бөлімінде : Айзере сатушы. Жұмсақ ойыншықтар бөлімінде : Ақерке сатушы. Касса бөлімінде : Әсел кассиршы болып жұмыс істейді. Касса бөліміне барып алған ойыншықтарыңыздың ақшасын төлейсіздер. (Балалардың қалғандары келіп ойыншықтар сатып алады ойын жалғасын табады). Балалар бір‑бірлеп сатушыға келеді.
(қуыршақ, машина, аю, қоян, құрастыру, )
Қостілділік компонент : ойыншық‑игрушка, дүкен‑магазин, аю –медведь, қуыршақ –кукла, доп –мяч, сатушы –продовец. |
‑Дүкен. ‑Ойыншықтар. ‑Сатушы. ‑Сатып алушы. ‑Қуыршақ. ‑Білеміз.
Балалар тақпақтарын айтады. Ойыншықтарым көп менің, Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай, Олармен ойнап жүремін. Кел, балалар келіңдер, Қызық кітап көріңдер. Қәне, қарап шығыңдар, Білім бар да оқу бар, Оқығанды тоқыңдар! Бәрімізде тіл ашар Кітап аты –«Әліппе», Оқып біздер «Әліппе», Үйренеміз әріптер. Добым менің, добым, Өзің неткен көңілді едің. Зымырайсың,қутындайсың, Бірақ менен,құтылмайсың. Ойыншығым –қонжығым, Анасын да білмейді, Қорбандаған аюдың, Түсіне де кірмейді.
Ұшағым бар ойыншық, Ұшырмасам ұшпайды. Айналам деп аспанда, Шаршағанға ұқсайды.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы орындайд
Денсаулық жаттығуларын жасайды.
Айналып қайтадан орындарына келеді. ‑Ойыншықтар.
Балалар мұхият тыңдайды.
Балалар ойыншықтар сатып алады.
Бала сатушыға рахмет айтады. ‑Хош келдіңіз ! ‑Сәлеметсіз бе? ‑Рахмет. ‑Тағы да келіп тұрыңыз ‑Маған қуыршақ беріңізші. ‑Мен машина ойыншығын алатын едім. ‑Жұмсақ ойыншықтан аюді беріңізші. ‑Сауболыңыз. ‑Мінекейіңіз. ‑Сауда жасағаныңызға рахмет.
Қайталайды: ойыншық‑игрушка, дүкен‑магазин, аю –медведь, қуыршақ –кукла, доп –мяч, сатушы –продовец..
|
|
Рефлексивті- коррекциялаушы
|
Бүгінгі ойын ұнады ма? Біздер қайда бардық?
Жолда біз қандай кедергілерден өттік?
Дүкенде не сатылады екен ?
Қандай ойыншықтарды көрдіңдер?
Дүкенде кімдер жұмыс істейді?
Сендер қандай ойыншық түрлерін сатып алдыңдар?
Өздерің сатып алған ойыншықтарының аттарын айтыңдаршы ?
Жақсы, ойыншықтарды қалай ұстау керек?
-Иә, дұрыс айтасыңдар, ал топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек. Себебі: топтың ойыншығы бәрімізге ортақ екен. |
‑Ұнады. ‑Ойыншықтар дүкеніне саяхатқа бардық. ‑Кедергілерден өту жаттығуын жасадық, сандарды санап өттік..
‑Ойыншықтар.
‑Пластмассадан, ағаштан, жұмсақ ойыншықтар бар. .‑Сатушы. ‑Кассир. ‑Мен ағаштан жасалған ойыншық алдым.(гитара, сылдырмақ, құрастыру) .
‑Мен пластмассадан жасалған ойыншық алдым. (қуыршақ. Машина, барабан ) ‑Мен жұмсақ ойыншық алдым. (аю, қоян, күшік.)
Аю, құрастыру, доп, қуыршақ,машина)
‑Ойыншықтарды сындыруға, жыртуға болмайды. Ұқыпты ұстау керек
Ойыншықтармен ойнаған соң өз орнына қоямыз.. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ойыншықтардың жасалу жолдарын білу;
Қандай түсініктерді игерді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ойыншықтар туралы тақпақтарды,диалог сөйлеуді біледі.
Тексерілді: Хизирова Д.М.












