Ерте-ерте-ертеде орман шаруашылығына қарайтын шал мен кемпір болыпты. Олардың балалары болмапты, тек бір ғана Сарықұлақ атты күшігі болыпты. Бір күні олардың күшігі орманда дос іздеймін деп адасып кетеді. Сарықұлақтың көңіл –күйі болмай, басы салбырап келе жатқанда, алдынан шар ұстаған қоян шығады.

Қоян: Лә-лә-лә. -Ой менің шарым ұшып кетті ғой.

Күшік: Оппа! Міне, шарыңды ал аф,аф,аф.

Қоян: Рахмет! Сәлем, сен кімсің?Мен сені бұрын бұл жерден көрмеппін, орманда неғып жүрсің?

Күшік: Мен Сарықұлақ күшікпін, адасып кеттім.

Қоян: Ал ,мен Ұзынқұлақ сұр қоянмын.

Сенің көңіл күйің жоқ қой, мұңайып тұрсың ғой, неге?

Күшік: Себебі менің ойнайтын достарым жоқ? Достар іздеп жүрмін.

Қоян: Ендеше екеуіміз дос болайық.

Күшік: Алақай! Қоян сен менімен дос боласың ба?

Қоян: Ия, енді екеуміз дос боламыз.

Қарға: Қар-қар-қар, сендер мұнда неғып тұрсыңдар? Мен сені танимын сен ұзынқұлақ сұр қоянсың, қар-қар-қар. Ал қасыңдағы кім?

Қоян: Ол менің досым, аты Сарықұлақ.

Қарға: Мен өте әдемі қарғамын, айтқан тілді аламын, достықты сатпаймын. Менде сендермен дос болайыншы.

Күшік:Әрине, қосамыз.

-Алақай, менің достарым көбейіп жатыр!

Аю: Ой,қолым-ай,қолым-ай мына жерде не болып жатыр? Ой-ой. Неге жиналып тұрсыңдар?

Қарға: Мен қарқылдаған қарғамын, ал мынау менің достарым, Сарықұлақ күшікпен, Сұрқоян қар-қар-қар.

Аю: Маған көмектесіңдерші қолыма ағаштың жаңқасы кіріп кетті, ой-ой.

Қарға: Қане, көрсетші қолыңды, мен саған жаңқаны алуға көмектесейін.

Аю:-Рахмет саған қарға, қолымның ауырғаны қойып қалды ғой. Менде сендермен дос болғым келеді.

Қоян: Сарықұлақ көрдің бе? Сен мұңайып жүредің, міне достарын көбейді.

Күшік: Алақай –алақай! Енді менің достарым көбейді.

Шал мен кемпір: Орманға күшігін іздеп келеді. Сарықұлақ күшігім қайдасың?

Күшік: Аф-аф-аф

 -Ой мынау атам мен апамның даусы ғой, достарым!

Шал: Сарықұлақ күшігім қайда жүрсің?

Күшік: Мен мұндамын аф-аф-аф.

Кемпір: Сені іздемеген жеріміз жоқ, қарның ашып қалған жоқ па? Жалғыз өзің орманда қорықпай қалай жүрсің?

Күшік:Апа мен енді жалғыз емеспін. Аф-аф-аф, менің бүгінгі күнім қызықты өтті, мен өзіме бір емес, көп дос таптым.

 Күшік достарын таныстырады.

Кемпір: Күшігім, сен соңғы кезде мұңайып, көңілсіз жүрген едің. Біз сенің жалғызсырап жүргеніңді білмеппіз. Күшігім, біз сенің қуанышты жүзіңді көріп,риза болып тұрмыз. Енді кеш болып қалды, үйге қайтайық. Достарыңмен ертең ойнайсың. Ал, күшігімнің достары үйлеріне қайтыңдар, ертең біздің үйге қонақ болып келіңдер.

Бәрі қош айтысып тарайды. Олар айырылмастай дос болыпты. Дос деген бір-біріне адал да, шыншыл болу керек.