Күні: 03.12.2014 ж

Білім беру саласы:  Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология

Тақырыбы: «Біздің қанатты достар»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды қыстап қалатын  құстармен таныстыру.

Дамытушылық: Балалардың  ойлау қабілеттерін дамыту.Құстардың ерекшеліктерін айту.

Тәрбиелік:Балаларды құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:Құстардың суреттері

Қостілділік компонент: Қыс-зима,құстар-птицы,жемшашар-кормушка, қарға-ворона,сауысқан-сорока,тоқылдақ- дятель,торғай-воровьей.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: тақпақтар.

Әрекет

кезендері

         Педагогтың

          іс-әрекеті

Балалардың

          іс-әрекеті

 

Мотивациялық

 қозғаушы

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңберін жасатады.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз,

-Сәлеметсіздер ме, апайлар?   

Балалар шаттық шеңберін жасап тәрбиешімен сәлемдеседі.

 

Іздену-құрастырушы

 

 

 

 

 

 

Кіріспе әңгіме.Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы: «Біздің қанатты достар» деп аталады.

Сұрақ-жауап.

--Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қанша ай бар?

-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады ?

 

 

 

Балалар қараңдаршы біздің топқа  қонаққа нелер ұшып келген?

Құстар қаншаға бөлінеді?

Құстардың ұқсас қандай ерекшеліктері бар?

Құстар туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Тәрбиеші көрнекіліктер арқылы

 қыстап қалатын құстар, оларға қамқорлық  жайлы әңгімелейді және құстар жайлы слайд көрсетеді.

Сергіту сәті:

Қарға болып ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп,

Тоқылдақ болып шоқиық.

Тәрбиеші сөздік жұмысын жүргізеді,

-Құстар-птицы,жемшашар-кормушка,қарға-ворона,сауысқан-сорока,тоқылдақ-дятель,торғай-ворона.

 Балаларға тапсырма береді.Интерактивті тақтамен жұмыс. Тапсырманың тақырыбы «Орнын тап».

 

Д/о «Құстар қалай дауыстайды»

Қарға қарқ-қарқ,

Сауысқан шақ-шақ.

Торғай шиқ-шиқ,

Тоқылдақ тоқ-тоқ.

 

 

 

 

 

-Қыс мезгілі

-Үш ай бар, желтоқсан,қаңтар, ақпан.

-Күн суытады,қар жауады,адамдар жылы киінеді.

 

-Құстар

 

-Екіге бөлінеді,жабайы құстар және үй құстары.

 

Балалар тақпақтарын

айтады.

 

Құстар жайлы әңгіме және слайд көреді.

 

 

Сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

Сөздік жұмыстарын қайталайды.

 

 

Балалар интерактивті тақтамен жұмыс жасайды.Тапсырманы орындайды.

Ойын ойнайды.

 

Рефлексивті-

коррекциялаушы

 

Сұрақ-жауап.

Қамқоршымыз құстарға,

Табиғатты сүйеміз.

Аялаймыз оларды,

Жақсы көріп бәріміз.Сабақты қорытындылайды.

Балалар сұраққа жауап береді.

Сабақты қорытындылайды.

Тақпақ айтады.

 

 

 Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:   жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды біледі;

Қандай түсініктерді игерді:  қыстап қалатын құстардың тіршілігі туралы;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: құстарға қамқор болу керектігін.