Мақсаты:
Білімділік:
 Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.

Дамытушылық:  Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.

Топтың іші шарлармен безендірілген. Үстелдердің үстінде үйдің макеттері тұрады.
Шаттық шеңбері
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.

-Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі ойын-сауық іс-шара болады.

Тәрбиеші (тақтаға үйдің бейнесін іледі)

-Қарандаршы, балалар, менде қандай әдемі үйшік бар. Ал, сендерде осындай әдемі үйшік бар ма?

(Балалар үйшіктерін көрсетеді).

-Балалар, қазір мен өз үйшігіме орналасам (өзінің суретін үйшікке орналастырады). Сендер де үйшіктеріне орналасыңдар (балалар өз суреттерін үйшікке орналастырады).

-Менімен бірге үйшікте менің анам тұрады (үйшікке анасын орналастырады).

(Балалар өздерінің аналарының суретін үйшікке орналастырады).

-Балалар, сендер аналар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Тақпақ айтады:  Ақ қабақты анашым,

                             Күн сәулелі анашым.

                             Әлпештеген баласын,

                            Айналайын, анашым.

-Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім? (Әке)

-Балалар бізбен бірге тағы  әкеміз тұрады (әкесінің суретін орналастырады).

(Балалар өз әкелерінің суретін үйшікке орналастырады).

-Балалар, әкелерін сендерге не үйретеді?

-Әкелерін сендерді доп ойнауды үйретті ме?

-Иә.

«Доппен ойна, оны жоғалтып алма» ойны ойналады.

Ойын шарты: Балалар допты жоғары лақтырып, оны қағып алу керек.

-Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Бұл кім? (Әже).(Әженің суретін үйшікке орналастырады).

(Балалар өз әжелерінің суретін үйшікке орналастырады).

-Балалар, әже туралы тақпақты есімізге түсірейікші.

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

-Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көреді, ақ сақалды кісіні кім дейміз? (Ата). ).(Атаның суретін үйшікке орналастырады).

(Балалар өз аталарының суретін үйшікке орналастырады).

«Қуыр-қуыр қуырмаш» ойыны.
Ойынның шарты:

Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.
Сен тұр қойыңа бар,
Сен тұр түйеңе бар,
Сен тұр жылқыңа бар,
Сен тұр сиырыңа бар,
Сен кішкентай әлі жас екенсің,
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр , қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әжең келсе есік аш,
Қасқыр келсе мықтап бас.
Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:

Мына жерде қой бар,
Мына жерде жылқы бар,
Мына жерде сиыр бар,
Мына жерде түлкі бар
- деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды. 

-Балалар, ал кімде аға, іні бар? Оларды да ұмытпай үйшікке орналастырыңдар.

-Ағаларын қандай ойынды ойнағанды жақсы көреді?

(Текшелерден үй құрастырып ойнағанды ұнатады).

-Олай болса, біз де онда текшелерден үй құрастырайық.

«Текшелер» ойыны.

Ойынның шарты:  Балалар екі топқа бөлінеді. Оларға текшелер беріледі. Дабыл соққанда, екі топ текшелерден үй құрастыру ға кіріседі. Қай топ бірінші үй құрастырып болады, сол топ жеңімпаз болып сайланады.

-Балалар, кімнің отбасында әпке, сіңілер бар? Оларды да ұмытпай үйшікке орналастырыңдар.

-Қарандаршы, балалар мен сендердің әпке, сіңілеріне қандай әдемі көйлектер дайындап қойдым! Бірақ оларды біз безендіруіміз керек.

(Балалар көйлекті безендіреді).

-Енді, балалар маған жасаған жұмыстарынды көрсетіңдер.

-Қандай әдемі қылып жасағансыңдар! Қараңдаршы сендердің көйлектерінде неше дөңгелектер бар? (Көп)

-Ал мен жапсыруға үлгермедім, менде неше дөңгелек бар? (Біреу).

«Бөтен үй» ойыны.

Ойынның шарты: Балалар 2-3 топқа бөлінеді. Әр топ шеңбер болып, қолдарынан ұстап тұрады (үй болады). Шеңбердің ішінде бір бала тұрады, ол торғай болады. Залдың ортасында жалғыз бала (торғай) тұрады, оған үйшік жетпеді. Баяу музыка ойналғанда, балалар шеңбер болып жүреді, тез музыка ойналғанда, балалар қолдарын көтереді, сол кезде «торғайлар» үйшіктен шығып залдың ортасында ұшып жүреді. Музыка тоқтағанда торғайлар үйлеріне ұша жүгіреді. Қай торғай  қалып қалады, сол ойыннан шығады.

Ойын 2-3 рет қайталанады.

Тәрбиеші жұмсақ аю ойыншығын алып шығып: Мынау қорбандаған аю ғой!

-Балалар аюдың анасын қалай атайды? (Аю ана).

-Аюдың баласын қалай атайды? (Қонжық).

-Тыныш, тағы біреу келе жатқан сияқты. (Қоянды алып шығарады)

-Мынау қорқақ қоян ғой! Қоянның баласын қалай атайды? (Көжек).

-Ал анасын қалай атайды? (Қоян ана)

-Қандай жақсы, білгір балалар екенсіндер!

-Балалар, менің және өздерінің үйшіктеріне қарандаршы, біздің отбасымыз қандай тату-тәтті! Барлықтарын бірге жиналған да, сендер немен айналасасындар?(Балалардың жауабы).

 Ойын: «Неге теңеймін» Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Балаларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.

-Балалар, қарандаршы, бүгін қанша ма отбасы жиналып отыр. Сендердің аналарын қонақ күтуді жақсы көре ме? (Ия).

-Аналарын қонақтарға не әзірлеп береді? (Тәтті тоқаш, бауырсақ, шай).

-Мен де бүгін сендерге тәттілер әзірлеп бердім. (Тәрбиеші балаларға тәттілермен шай береді).