Өткізген: ІІ санатты тәрбиеші: Күлмағамбетова Ж.Ж.
Күні: 25.11.2014ж
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: 1-5 сандары.Тура және кері санау.
Мақсаты:Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру,қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру,апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік:Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:сандарды тура,кері санауға үйрету,логикалық ойын арқылы баланың қиялын,ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,математика,орыс тілі,ағылшын тілі пәні..
Қажетті көрнекіліктер:Геометриялық пішіндер,тура,кері санауға арналған сандар, санауға арналған қонжық маскалары,алма ағашының макеті,шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер,алманың муляжы,үйшік макеті,ертегі кейіпкерлері,слайд.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог балалармен шаттық шеңберін құрады. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің ісі ғой Ал,кәнекей,бәріміз Сәлем,-дейік үлкенге Қайырлы күн,қонақтар. Қайырлы таң, балалар. Балалар орындарына отырады. |
Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір- біріменсәлемдеседі. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілін атаңдар? Педагог:Қымбатты балалар,қандай ертегі білесіңдер? Педагог:Олай болса,Маша мен аю ертегісінің қойлымын тамашалаймыз! Балалар,бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте,ерте,ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті,оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты.Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды: Маша: О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім. Осы кезде біреу есік қағады. Аю: Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін. Маша: Мен Машамын. Сен кімсің? Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды. Маша: А солай ма, мен білмеппін.
Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында. 1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар? -Біздің балаларда апта күндерін айтып береді.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға. Бір кезде Қасқыр келеді. Қасқыр: бұл сарайда кім тұрады? Маша: Мен Машамын, сен кімсің? Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды. Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында. 2 - тапсырма Үш тілде 1 - ден 5 - ке дейін тура, кері санап бер. Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой Ойын: Көршісін тап Қоян: Бұл әсем сарайда кім тұрады? Маша: Мен Машамын, сен кімсің? Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша: мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың. 3 - тапсырма. Алма ағашта бес алма Қандай тәтті жесе алма, Бесеуінде жеп қойсаң Қалады онда неше алма. Қоян: 0 алма. Маша: Дұрыс айтасын, кіре ғой. Тәрбиеші: Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен? Төрт қонжық орманда Келе жатты қорбандап Біреуі шаршады Әрмен қарай бармады. Нешеуі кетті алға. Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады? Маша: Мен Машамын, сен кімсің? Түлкі. Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні. Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең. Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында. 4 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
-Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді? Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Сергіту сәті: Бойды сергек тік ұста Емін - еркін тыныста Оң қолыңды соз алға Қол ұшына қарада Үшбұрыш сыз ауада Сол қол босқа тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын. Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық. 5 - тапсырма. Саусақпен санап үйренейік: Бес кәмпитім көп еді, Сараңдығым жоқ еді. Бір кәмпитім атаға, Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға, Бір кәмпитім папаға. Өзімеде жете ме?
Тәрбиеші: Балаларға пішіндерге ұқсас заттарды теледидардан көрсету.
Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтайық.
6 - тапсырма. Балаларға логикалық сұрақ: Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды?
Ағашқа бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
7 - тапсырма. Балаларға шығармашылық ойын: «Кілемшені толтыр» |
-Күз мезгілі. - қыркүйек,қазан, қараша. -«Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян».
-Бір аптада жеті күн бар. Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада Сейсенбіде серуен құрдым қалада Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп Бейсенбіде би биледім әндетіп Жұма күні жидек тердім ағаштан Сенбі күні кино көрдім клубтан Жексенбіде үйде болдым дем алдым Осылайша өте шықты бір апта.
- 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1
-0 алма .
-Үш қонжық.
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік. Екі дегенің елім, Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт, Үміт артар жігіт Төрт дегенім төзім, Төзе білім өзім Бес дегенім бақыт, Бағалайтын уақыт. Балалар педагогпен бірге қосылып, қимыл-қозғалыс жасайды. Балалар өлеңге сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
Аңдар ортаға шығып отырады.
-Жетеді.1 алма қалады. Балалар пішіндерге ұқсас заттарды теледидардан көрсетеді. Балалар пішіндер туралы тақпақтарын айтады. -Біреуі қалды.
-Ағашта үш торғай қалды.
Сандар шығып тақпақтарын айтады. Балалар тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексивті – түзетушілік |
- Тәрбиеші: - - Балалар сендерге ертегі ұнады ма? - - Біздерге қонаққа нелер келді? - Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне - - қуаныштымын. Сіздерге ризамын. - - Тәрбиеші: Балалар сіздерге Машаның кәмпиті бар екен. - Балаларды Маша мадақтайды. - - Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оқу іс - әрекетіміз аяқталды. - Балалар: Қол ұстасып тұрайық - Шеңберді біз құрайық. - Көріскенше күн жақсы, - Сау саламат болайық! |
-Ұнады. -Аю,қасқыр,қоян,түлкі.
Балалар Машаға рахметін
айтып, қоштасады.
Балалар педагогпен қосыла шеңбер құрып тұрып, қонақтармен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді.
Нені игерді: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игерді.
Нені меңгерді: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгерді .















