«Айналайын» бөбекжай-балабақшасы
Дайындаған: тәрбиешілер Күлмағамбетова.Ж.Ж
Баекешова.А.О
Алтын күз
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер сахна жақтан кішкене орындықтарға жайғасады.
1.Жүргізуші:
Тырна көкте тыраулап,
Қош, қош айтты,
«Кеттім» - деп
Шөптің басына қыраулап,
Күзде келді «жеттім» деп.
Құрметті, ата-аналар, әріптестер, қонақтар! «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!
2.Жүргізуші:
Көбейді құт - береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Күз мерекесін тойлаймыз - демекші біздің бүлдіршіндеріміздің күз мезгіліне арналған тақпақтарын тыңдайық! Қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Алана
Алақай күз келді,
Қарық қып жеміске
Сарғайды түз белде
Толқысын егісте
Арман
Соғады кейде дауылы
Береке күздің жауыны
Сол жауынмен өседі
Бақшаның қарбыз, қауыны
Гүлсезім
Қарлығаштар қораға
Ұя салмас ал енді
Күн суытып далада
Жел айтады өлеңді
Әлімжан
Сапар шегіп құс легі
Жабырқайды атырап
Жерге үзіліп түседі
Сары алтындай Жапырақ
Назерке
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Маулида
Соңғы шуақ төгіліп,
Жарқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Надежда
Следом за летом
Осень идет
Желтый песни
Ей ветер поет
1.Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа отыра қойындар!
Осы кезде музыка ырғағымен Күз ханшайымы кіріп, балалармен амандасады.
Саламатсыңдар ма балалар!
2.Жүргізуші:Саламатсыз ба Күз ханшайымы! Мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіз!
Күз Ханшайымы: Әрине, мен мұнда өте өнерлі балалар бар деп естідім. Қанекей сендердің тапқырлықтарыңды байқайын!Қазір мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін, сендер шешуін табады ма екенсіңдер? Ал мені мұқият тыңдаңдар!
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың (жаңбыр)
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары (жапырақ )
Күз Ханшайымы: Ой жарайсыңдар балалар! Сендер өте тапқыр балалар екенсіңдер!
1.Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің балалар өте өнерлі, енді сізге арналған
«Күз жомарт» әнін ұсынамыз!
Күз ханшайымы: Өте жақсы балалар! Ал сендер менімен ойын ойнағыларың келе ме?Олай болса менімен бірге ойын ойнайық.
Күз ханшайымы: Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы алдарыңа ұсынған қандай жеміс екенін табуларың керек.
2.Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тамашалайық!
Ильяс
Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.
Рамазан
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Іңкәр
О, алақай, тамаша,
Шашу шашады жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
О.Ділназ Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
С.Аружан
Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді.
Осы ма күз деген,
Мектепке баратын бізбенен.
Би: «Қолшатыр» биі (қыздар биі)
Айсұлу
Көбейді құт-береке
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Ляйсан
Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
Айбол
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
А.Ділназ
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Ербол
Жүзім, алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Көмектесе береміз
Диас
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Ажар
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
Ұл балаларымыздың «Көкөністер» биін қабыл алыңыздар!
1.Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
2.Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны
1.Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Онын аты (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін аиырып,
Танисын ба? (шиені )
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Оның аты…(танқурай )
«Жылдам салат жасау» ойыны. Бұл ойынның шарты: Ата-аналар ортаға шығып, ұсынылған көкөністерден салат жасайды. Жасалған салатқа ат қояды.
Сәрсібай Айсұлудың орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар!
1.Жүргізуші:
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойларың.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Күз ханшайымы: - Балалар, мен ағаштарды сары түске бояп келе жатқанымда мына сары орамалды тауып алдым. Бұл - сиқырлы орамал. Осы сиқырлы орамалмен сендерге сиқыр жасаймын.
Күз ханшайымы:
Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Бұл себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады. Ал жапырақтар астында алма шығады. Алтын күз балалардың әрқайсысына алма үлестіреді.
Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.
2.Жүргізуші: Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау саламат болыныздар!












