Приозерск қаласы

Залға музыка әуенімен кіру.Амандасу.

Тәрбиеші: Балалар, Бүгін бізде ерекше күн. Себебі біз «Мамандығым мақтанышым» атты елге саяхатқа барамыз.Саяхат кезінде бізбен бірге алғашқы көмек көрсетуші дәрігер, жолда жүру тәртібін реттеуші тәртіп сақшысы бізбен бірге барады. Барар жолда әртүрлі жол қилысынан өтеміз. Сондықтан алдымен жолда жүру ережесін еске түсіріп алайық.

Балалар

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда

Жүребергін жасқанба.

Тәрбиеші:Тағы қандай жол ережесі туралы тақпақ білеміз?

Балалар 

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта, Сақтан,Жол ашық,

Жүрме жолға таласып.

Тәрбиеші:Жол тәртібін біледі екенбіз.Енді жолға шығуға болады екен.

(сол кезде аю келеді беті көзі іскен, қолы жарақат).Музыка ойнау (аюдың жүрісімен)

Темірлан (әскери қызметші)

Қараңыз мына сұмдықты,

Маймаққа не болған?

Ділназ (дәрігер)

Маймағым не болды,

Жасырмай айтшы өзің?

Неліктен көкпеңбек

Ісінген бас-көзің?

Хамит (аю) 

Машинаға жармасып,

Құладым көк тасқа,

Қолымды ауыртып

Тап болдым азапқа.

Тәрбиеші:Кәне, балалар қарап тұрмай маймаққа алғашқы көмек көрсетейік.

(дәрігермен медбике қолынтаңып береді). Маймағым сен жол тәртібін бұзыпсың. Енді ондай бұзық болма. Қазір біздің балалармен бірге серуенге жүр.

Хамит (аю): Жарайды.

Дарын(милиция)

Бұзылды жол жүру тәртібі,

Алдымен оңға,

Соннан соң солға

Қараңдар жолға,

Жоқ болса көлік өтіңдер сонда.

Тәрбиеші: Кәне, енді жолдан өтуге дайындалайық.Біз келесі сапарымызда бүгінгі күннің ауа-райы туралы біле кетейік. Ол үшін ауа-райын бақылау орталығына барамыз.

Күндіз-түні ол сонда,

Бізге қызмет етеді.

Ауа райын хабарлап,

Бізге айтып береді.

Ол кім екен?

Балалар: Метролог.

Тәрбиеші: Біз ауа-райын бақылау орталығында тұрмыз ба?

С.Аружан (метролог):Ия 

Балалар:Саламатсызба?

С.Аружан (метролог):(өзін таныстырады) Мен ауа-райын бақылаушы метрологпын.

Сіздерге жол болсын! Қандай шаруамен келдіңдер?

Ақжарқын (медбике):Бізге бүгінгі күннің ауа-райын айтып берсеңізші.

С.Аружан (метролог): Бүгін Приозерскіде күн ашық болады, тек кешке қарай аздап жаңбыр жауады.

Балалар: Рахмет!

Тәрбиеші:Ендеше балалар метролог апайды өзімізбен бірге серуенге шақырайық.

Балалар:Жарайды.

Тәрбиеші: Бізге жолдан тау-тас, түрлі жәндіктер кездесіп қалса тастан басып, жәндіктерден аттап кетуіміз керек.Біз енді орманға барып демалып, саяхаттап қайтайық. (келе жатқанда құстардың үні, судың аққан дыбысы т/б естіледі)

Тәрбиеші: Міне, орманға келдік.Орман іші қандай тамаша!Кәне біз нелерді көріп тұрмыз?

Балалар: Аңдар, құстар, әртүрлі ағаштар.

Тәрбиеші: Ендеше кім аңдар, құстар туралы тақпақ,жұмбақ, мақал - мәтелдер біледі екен?

Балалалар:Тақпақ, мақал – мәтел, жұмбақтар,  айтады.

Нұрым(құрылысшы)

 Күте білсең аялап,

Ағаш болар сая бақ.

Содан рахат көресің,

Саясында саялап.

Айым (шаштаразшы)

Орманда тұрады,өзі қу

Жүрген жері айқайда-шу. (түлкі)

Диана (медбике)

Бұтадан-бұтаға секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң. (тиін)

Алмаз (темір жолшы)

Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты.

Тәрбиеші: Балалар,осы орманды қорғайтын, құстарға қамқорлық жасайтын адамдар болады.Сол адамның кім екенін білгілерің келеме?

Балалар: Білгіміз келеді.

Тәрбиеші: Олай болса мен өлең жолдарын оқимын мұқият тыңдасаңдар ол адамның кім екенін білесіңдер.

Сергек ол үнемі,

Сарп етіп бар күшін.

Түгендеп жүреді,

Орманның аң-құсын

Ол кім?

Балалар: Орманшы. (сол кезде атқа мініп орманшы келеді)

Орманшы(Ғалия апай):Сәламатсыздарма?

Тәрбиеші:Орманшы ағай құр келмеген тәрізді. Қанжығасы құр емес қоржынында бізге әкелгені бар сияқты. Орманшы атай сіздің қоржыныңызда не барын балалар білгісі келеді.

Орманшы:Онда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ақсандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды. (күн)

Жылт – жылт етеді,

Жылғадан өтеді (су)

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бстайды. (ағаш)

Орманшы: Балалар, бұның бәрін не дейміз?

Балалар: Табиғат дейміз.

(Музыка ойнайды. Жыламсырап залға қарға келеді).

Тәрбиеші: Ой, қарға дос саған не болған?

Қарға (Райхан апай): Мен табиғат дегенді түсінбей жүрмін.

Тәрбиеші: Соған бола қапаланба.Оны біздің балалар айтып береді.Бізбен бірге ойынға қатыс бәрін де үйренесің.

Ойын: «Ғажайып үйлер» (екі үйге суреттерді топтастыру).Жасыл үйге тірі табиғатты,

қоңыр үйге өлі табиғатты.

Тәрбиеші: Ал қарға дос сен не білесің?

Қарға:Мен балалармен бірге би билеп берейін.

Би: «Достық биі »

Қарға: Мен бәрін де үйрендім. Рахмет сендерге балалар!

Тәрбиеші:Орманшы ағай, қарға, аю жақсы сау болыңыздар! Біз енді балалар топқа жиналайық.Жолдан құрылыс алаңына соғумыз керек.

(Құрылыс алаңына бару, күшік жалғыз өзі үй салып жатады)

Күшік (Асемхан апай) : Саламатсыдар ма?

Балалар: Сәлеметсіз бе? Не істеп жатырсыз?Жалғыз өзім үй сала алмай жатырмын.

Тәрбиеші:Балалар біз не істеуіміз керек?

Балалар: Көмектесуіміз керек.

Тәрбиеші:Біздің құрылысшы балалар бар еді ғой, кәне көмек берейік.(Нұрым, Азамат)

Күшік:Мен сендерге әдемі күректерімді сыйға берейін.(Екі балаға береді)

Балалар: Рахмет.Сау болыңыз.

Тәрбиеші:Балалар, біз әрқайсымыз болашақта  бір – бір мамандық иесі болмақшымыз, ал бүгін осын мамандықтарды таңдауымыз үшін көп еңбек еткен жандардың мерекесі. Ол жандар: «Ұстаздар». Олай болса бізді білім нәрімен сусындатқан Ырыскүл апайымызды мерекесімен құттықтап шығайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе? Ырыскүл апай.

Ырыскүл апай: Сәлеметсіңдер ме? Балалар сендер қандай үлкен болып кеткенсіңдер. Байқаймын әрқайсың бір – бір мамандық иелерін таңдаған сияқтысыңдар. Сендердің алдарыңда мені құттықтап болашақ ұстаздарымда келді рахмет сендерге.

Тәрбиеші: Ырыскүл апай осы өзіңіз тәрбиелеген балаларыңыз өздерінің қандай мамандық таңдағандарын өлең жолдарымен жеткізгісі келеді.

1. А.Аружан (мұғалім)

Шәкірттер сізді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.

 

2. Жандәулет (мұғалім)

Мұғалім, аспазшы
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын.

3. Жанель (аспазшы)

Біздің гүл бақшада

Бар әсем асхана.

Мен сондай аспазшы

Боламын бақшада.

4. Дильназ (дәрігер)

Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін
Мен дәрігер боламын. 

5. Айым (шаштаразшы)

Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолыңа
Түрлі – түрлі шаш қиып
Қызмет етем халқыма. 

6. Ақжарқын (медбике)

Көкейімде тұрған толы арман,

Сынағың көп тосатын торып алдан.

Ақ халат жарасқан медбикемін

Халықыма тынбай қызмет етемін. 

7. Дарын (милиция)

Елге қызмет етемін
Шаршамаймын мен бірақ
Күні – түні май боп
Ұйықтамаймын мен бірақ. 

8. С.Аружан (метролог)

Күндіз-түні мен сонда,
Елге қызмет етемін.

Ауа - райын хабарлап,
Халыққа жеткізіп беремін. 

9. Темірлан (әскери қыз-ші)

Тапталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы,

Жалғаймын жолын әкемнің!

10.Алмаз (темір жолшы):

Ұланымын даланың

Ұланымын бабаның

Есейгенде мен ертең

Теміржолшы боламын.

 11. Нұрым, Азамат (құрылысшы)

Қолда темір қалағым

Саздан сарай саламын.

Астанадан аумайты

Әсем қала саламын.

Тәрбиеші

Баршаңызға ұстаз күні құтты болсын,
Апайлар, денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Отбасыңыз, бала – шағаңыз аман болып,
Бастарыңызға бақыт құсы келіп қонсын.

Би «Вальс»

Тәрбиеші

Ардақтысың, ардагерім ұстазым,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Ұстазыма арналады бұл әнім.
Ән: «Ақылшы мұғалім»

Тәрбиеші

Бас иеміз  ұстаздар баршаңызға
Сіздермен тола берсін ортамыз да
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын
Білімменен суарған шәкірттеріңіз құттықтайды,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Құрметті ұстаздар  бүлдіршіндеріміздің гүл шоқтарын қабыл алыңыздар. Осымен «Мамандығым мақтанышым» атты ертеңгілігіміз аяқталды қош сау болыңыздар!

Ділназ

Маймағым не болды,

Жасырмайайтшыөзің?

Неліктенкөкпеңбек

Ісінген бас-көзің?

Ділназ дәрігер 

Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін
Мен дәрігер боламын.

 

 

 

 

 

 

Айым

Орманда тұрады, иөзіқу

Жүрген жері айқай-шу. (түлкі 

Айым шаштараз
Сән үлгісін қиятын

Шаштараз болам жолыңа
Түрлі – түрлі шаш қиып
Қызмет етем халқыма.

 

 

 

 

 

 

Дарын

Бұзылды жол жүру тәртібі,

Алдымен оңға,

Соннан соң солға

Қараңдар жолға,

Жоқ болса көлік өтіңдер сонда.

Дарын май
Елге қызмет етемін

Шаршамаймын мен бірақ
Күні – түні май боп
Ұйықтамаймын мен бірақ.

 

 

 

 

 

 

 

Жандәулет мұғалім
Мұғалім, аспазшы
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын.

 

 

 

 

А.Аружан мұғалім

Шәкірттер сізді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үмітпен сеніміңіз ақталады. 

 

Арайлым аспазшы
Дәмді тамақ пісіріп

Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.

 

 

 

Диана

Бұтадан-бұтағасекірген,

Кішкентайғанашапшаңаң. (тиін)

Диана (медбике)

Көкейімде тұрған толы арман,

Сынағың көп тосатын торып алдан.

Ақ халат жарасқан медбикемін

Халықыма тынбай қызмет етемін. 

 

 Темірлан

Қараңызмынасұмдықты,

Маймаққа не болған? 

Темірлан (әскери қызметші)

Тапталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы,

Жалғаймын жолын әкемнің!

 

Хамит (аю) 

Машинағажармасып,

Құладымкөктасқа,

Қолымдыауыртып

Тап болдымазапқа.

 

Тәрбиеші: Біз ауа-райын бақылау орталығында тұрмыз ба?

С.Аружан (метролог):Ия 

Балалар:Саламатсызба?

С.Аружан (метролог):(өзін таныстырады)

 Мен ауа-райын бақылаушы метрологпын.

Сіздерге жол болсын! Қандай шаруамен келдіңдер?

Дияна (медбике):Бізгебүгінгікүнніңауа-райынайтыпберсеңізші.

С.Аружан (метролог):БүгінПриозерскідекүнашықболады, кешке қарай аздап жаңбыржауады. 

С. Аружан метролог

Күндіз-түні мен сонда,
Елге қызмет етемін.

Ауа - райын хабарлап,
Халыққа жеткізіп беремін.

 

Нұрым

Күтебілсеңаялап,

Ағашболарсаябақ.

Соданрахаткөресің,

Саясындасаялап.

Нұрым (құрылысшы)

Қолдатемірқалағым

Саздан сарай саламын.

Астанаданаумайты

Әсемқаласаламын. 

 

Азамат (құрылысшы)

Қолдатемірқалағым

Саздан сарай саламын.

Астанаданаумайты

Әсемқаласаламын. 

 

Алмаз

Ағаш тамырымен, 

Адам досымен мықты.

Алмаз (темір жолшы):

Ұланымын даланың

Ұланымынбабаның

Есейгенде мен ертең

Теміржолшыболамын.

 


Мемлекеттiк рәмiздерi

Сұрақ

Бөбекжай- бақшасының тәрбие барысынан қандай көлем қанығаттандыңыз?