Қараша айының 30 жұлдызында «Айналайын» бөбекжайында «Қарлығаш» ересектер тобында Тұнғыш Президент күніне орай «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Балалар бұл мерекелік іс-шараны ҚР әнұранымен бастады, Елбасына арналған тақпақ, өлеңдерін айтып, билерін биледі. Елбасы туралы деректі фильм көрсетіліп, еліміздің бас қаласы Астана қаласының көрнекті жерлері интерактивті тақтадан тамашаланды.













