2017 жылдың қазан айының 2-20 аралығында «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Бала арманы» тақырыбында халықаралық фестивалін өткізді.
Фестивалдің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерлердің озық жетістіктерін кең тарату және ұсыну. Фестиваль мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру болып табылады.
«Айналайын» бөбекжайы да жүргізіліп жатқан жұмыстарын ұсынды. Ұсынған жұмыстарға: ұзақ мерзімді жобалар, инновациялық жобалар бойынша оқу әрекеттерімен ұйымдастырылған әзірмелер (шығармашылық өнім, зерттеу жобалары, видеороликтер) кірді.
Жоғарыдағы жұмыстарды «Айналайын» бөбекжайының 8 зертханасы атқарады, олар: «Жас шебер» шығармашылық зертхана; «Білімпаз» таным зертханасы; «Сиқырлы тіл» қатынас зертханасы; «Жас өнерпаз» шығармашылық зертханасы; «Ғажайып орта» әлеумет зертханасы; «Саулық пен сымбат» денсаулық зертханасы; «Қиқар дыбыстар» логопед-дефектолог зертханасы; «Қызықты әлем» психология зертханасы. Бөбекжай әр зертхананың үздік жұмыстарын жіберді (практикалық жұмыстар). Сонымен қатар: «Жас ата-ана мектебі», «Біз - өз еліміздің патриотымыз», «Қеңес мектебі», «Мектепке дейінгі мекемеде монтессори әдісін қолдану» жобалар бойынша жұмыстарын ұсынды.
Фестивальдің жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланды:
- Мектепке дейінгі ұйым педагогының кәсіби құзыреттілігінің дамуын басқару;
- Мектепке дейінгі ұйымда инновациялық әрекет;
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы әдістемелік, дидактикалық новация;
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымында үштілдік орта жағдайын құру.
«Айналайын» бөбекжайы екі бағыт бойынша жіберді, олар: - мектепке дейінгі ұйымда инновациялық әрекет; -мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы әдістемелік, дидактикалық новация. Байқауға жалпы 500-ден астам педагог қатысқан болатын, соның ішінен «Айналайын» бөбекжайының жүлделі орындары: ІІ деңгейлі диплом «Ғажайып орта» әлеуметтік зертхана; ІІІ деңгейлі диплом «Жас шебер», «Қиқар дыбыстар», «Саулық пен сымбат» зертханалары және басқа зертханалар мен инновациялық жобалар бойынша сертификаттарға ие болды.
Қорытындылай келе, балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету.
Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуымен даярлығы үшін қолайлы кезең.
Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздерінде бағдарланады. Осы өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, бойына жақсы қасиетті сіңіру, сауатты етіп тәрбиелеуге бөбекжайдағы зертханалар қосымша көмегін береді.
«Айналайын» бөбекжайының педагогтарына тілейтініміз шығармашылық табыс, жұмыстарына жеміс, тәрбие беріп отырған балалары биіктен көріне берсін.













