Үстіміздегі 2017 оқу жылының 4 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «Балалар - өмірдің гүлі» тақырыбында қашықтықтан өткізілген байқауы ұйымдастырылды.
Байқау - мектепке дейінгі ұйым, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне, сонымен қатар педагог-психолог, логопед және дефектолог мамандарына арналған.
Байқаудың мақсаты: педагогтардың, мұғалімдердің шығармашылық қызметін белсендіру; оқыту мен білім беру процесінде жаңалықтарды дамыту; дамыту ортасын құруға арналған педагогтардың үздік тәжірибесін көрсету.
Байқауды ұйымдастырушылары: ЖШС «NEW Opportunities» Білім беру-әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы.
«Айналайын» бөбекжайының педагогтары осы байқауға қатысып өз жұмыстарын ұсынды. Бөбекжайдың педагог-психологы Искакова Халида Кабулановна «Заманауи сабақ – тиімді сабақ» номинациясы бойынша «Менің мамандығым – менің келешегім» тақырыбында эссе жазып, байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және бөбекжай дефектологы Оразбекова Аякөз осы номинация бойынша қатысқаны үшін сертификат алды.
Педагог балалармен жағымды қарым-қатынас жасауға, шеберлікке, өз ісінде әрқашанда жаңашылдық ашуға, ізденімпаз болуға, өз ісінің нағыз маманы атануы үшін зор еңбек етуі керек. Мұғалім беделі, шығармашылық жетістігі ең алдымен оның өз жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық қабілетіне байланысты екені анық.












