«Айналайын» бөбекжайы «Балапан» тобында бүлдіршіндермен «Тазалық – денсаулық кепілі» атты әңгімелеу іш - шарасы өткізілді.
Әңгіме сағатының мақсаты: Балаларды таза жүруге үйрету, тазалыққа баулу. Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту. Әңгіме сағаты күтпеген сәттен басталды. Кір Қожалақ кіріп келгенде балалар таңырқап қалды: «Сендер не деген тап-таза, әп-әдемі балаларсыңдар»,- деп өзінен -өзі ұялды. Тәрбиеші мен балалар Кір Қожалаққа жұмбақ жасырып, гигиеналық заттармен таныстырып, қызықты ойын өткізілді. Балалар таза болып жүру керек екенін Кір Қожалаққа түсіндірді. Кір Қожалақ өз ісіне ұялып, таза жүрудің ережесін түсінді.
Таза жүрсек ауырмаймыз. Ал балалар таза жүрмейтін, тазалықты сүймейтін баланы кім деп атаймыз? Қожалақ, салақ, сатпақ деп атаймыз. Даладан келгенде, тамақ ішерде қолдарыңды жууды ұмытпаңдар! Тазалық- таза баланың досы.












