2017 жылдың 21 маусым «Айналайын» бөбекжайы «Күншуақ» тобында денсаулық апталығына орай «Шынықсан шымыр боласың» атты жазғы ойын- сабақ іс- шарасы өткізілді. Балалардың тақпақ айтуы, ойнауы, билеуі жүздеріне шаттық сыйлады. Таңғажайып сәттердің куәсі болды. Түлкі, Карлсон кейіпкерлері қонақ болып келді. Карлсон «Самокатпен жүру», «Кім жылдам», Түлкі «Асық ату», «Доптарды жинау» ойындарын алып келді. Кейіпкерлермен бірге, балалар қызыға ойнады. Балалар келген қонақтармен «Қара жорға» биін биледі. Ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндерге қуанышты көңіл- күй сыйлады.












