Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштардың селбіретіп.

Тойға бөлеп елімізді күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

 

2016 жылдың 10 қарашасында  «Айналайын» бөбекжайында «Күншуақ»  ІІ кіші тобында «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілікке Қолшатыр мен Етік қонаққа келді. Олар өздерінің күз мезгіліндегі ерекшеліктері туралы айтып өтті. Сонымен қатар «Көкөністер дауы» көрінісінде  бүлдіршіндер бір-бірімен дауласып, ең соңында тату болу керек екенін  білді.Сөйтіп, Күз ханшайымы «Көкөністер мен жемістер жинау»  ойынын ойнатты.Балалар ойынға қызыға қатысты. Қолшатыр мен Етік  «Қолшатырмен жүгіру» ойынын  балалармен қосылып ойнады.

Ата-аналар да , бүлдіршіндер де, қонақтар да қуанышты көңіл-күймен тарқады.