Түркі халықтарының жыл басы саналатын Наурыз мейрамын «Айналайын» бөбекжайында биыл да ерекше қуанышты көңіл-күйде қарсы алды.
Бөбекжайдың бүлдіршіндері ұлттық мерекеге арнап қазақтың ұлттық киімдерін киіп, көктем тақырыбында әсем әндер айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысты. Наурыз мерекесінде балаларға қонаққа наурыз көжесін алып, әже келді. Әже оларға Наурыз туралы әңгімелеп берді. Балақайлар әжейге өнерлерін көрсетіп тақпақ айтып, би биледі.
Қазақи салт-дәстүрімізді өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында мерекеде «Тұсау кесер» рәсімінің көрінісі көрсетілді.
Балабақшада Наурыз мерекесі қызықты өтті. Бұл мереке көрерменнің көңілінен шықты.
http://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/260-nauryz.html#sigFreeIda09f61a58f












