Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Айналайын" бөбекжайының ұжымы "Ұлттық киім трендтте" атты челенджін жолдайды.
Қазақ халқының ұлттық киімі, ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Әр бір қазақ өз ұлттық киімін мақтан тұтып, дәріптеп, жарасымды етіп киіп жүрсе, еліміздің мәртебесі биік болып, өскелең ұрпақтың еліне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығы арта түсері анық.












