Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Айналайын» бөбекжайының «Салауатты өмір - нұрлы болашақ» атты бейнеролигі шығарылды.
Іс – шараның мақсаты : Салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру .
Өз – өзіне жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес , бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған, үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
#руханижаңғыру












