"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру барысында, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Айналайын» бөбекжайында 27.10.2020 ж. онлайн экскурсия өткізілді.
«Менің сүйікті қалам – Приозерск»
Өлкетану қызметі бойынша  қала туралы білімдерін тиянақтау, тіл байлығын, ой-өрісін, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, елімізді, қаламызды сүюге баулу. Қаламыздың ескерткіштерін аялауға, демалыс орындарында өздерін ұстай білуге тәрбилеу мақсатында жұмыс жүргіздік.
Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала және мектебім. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Приозерсктен  басталады. Менің туған жерім, туған қалам қандай әдемі, қандай көрікті! Туған жерімнің әсем табиғаты, көкше көлі, бой түзеген әсем үйлері, тарихи ескерткіштері бәр-бәрі менің қалама көрік беріп тұр. Көгілдір көкше көлімнің өзі қандай, жанға сая, шипа десеңші! Приозёрск - менің сүйікті қалам!

#руханижаңғыру