2020 жылдың қазан айының 21 күні Приозерск қаласының "Айналайын" бөбекжайында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Қазақстандағы 100 жаңа есімі" жобасы аясында "Әке - асқар тау" тақырыбында фото - суреттер жинағынан көрме ұйымдастырылды. Бұл көрменің басты мақсаты: жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Сізсіз әке - ең ақылды,
ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным,
ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда
асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала -
- жүрек тілегін.
Әке отбасының береке ынтымағы өнері мен білімі өзгеге үлгі болатындай
"Әке көрген оқ жонар" деп бекер айтылмаған. Әке тәрбиесін көрген бала ешқашанда жаман болмас.
Қадірлеп - қастерлейік, сыйлайық, ардақты, теңдесі жоқ, асыл әкелерімізді!
#руханижаңғыру














