13 қазанда "Айналайын" бөбекжайы ұжымы "Рухани жаңғыру"  бағдарламасының "Туған жер" жобасын жүзеге асыру аясында мұқтаж адамдарға көмек көрсету мақсатында "Жақсылық пен қамқорлық " акциясы ұйымдастырылып өткізілуде. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің  бірі. "Жанашырлыққа - жан риза" дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды - демекші балабақша ұжымы демеушілігімен алынған азық-түліктерді мұқтаж болып отырған кісіге табыс етті.