2020 жылдың 4 желтоқсанында «Айналайын» бөбекжайында  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ ұлттық ою – өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау; қазақ ұлттық ою-өрнектің тарихын зерттеп және қазақ ұлттық ою-өрнектердің мән-мағынасын білу; қазақ ұлттық ою-өрнектерді ұрпақтарға жеткізу мақсатында  «Ою-өрнек сыр шертеді» атты көрме өткізілді.

Ою-өрнек сөздерінің мағынасы бір нәрсені ойып, кесіп, киып алып немесе екі затты оя кесіп киюластырып, біріктіре жасау, бір заттың бетіне ойып бедер түсіру. Қазақтар бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, мүйіз тектес ою-өрнекке қосылатын барлық қошқар мүйіз өрнектерді де ою дейді.

Ал «өрнек» дегініміз–әртүрліою, бедер бейне, күйдіріп, жалатып, бояп, қалыптап, үлгімен істеген көркемдік түрлердің, әшәкейлердің ортақ атауы. Сондыктан ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.

Ою-өрнектер тігу, құрау, құрал-саймандарды, зергерлік бұйымдарды, киіз үйдің сүйегін, ағаш кереует, сандық, кебеже, кілем, сырмақ алаша, қоржын, ши, түрлі басқұрлар, ыдыс-аяқ, бесік, текемет, көрпеше, жүкаяқ беттерін, киім-кешектерді, қабырғаларды әшекейлеп безендіру үшін жиі қолданылып отырған.

Ою-өрнек оя отырып, балаларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу, эстетикалык талғамын арттыру.