Қазан  айының 27-ші жұлдызында  Айналайын бөбекжайының   «Күншуақ» ортаңғы тобында «Жомарт күз» атты ертенгілік  өтті.

 Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларды күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, күзгі табиғаттың ерекшеліктерімен таныстыру, күздің негізгі белгілерін атап, көкіністер мен жеміс жидектерді ажырата білуге үйрету.

      Мерекеге Күз ханшайымы келіп, балалармен  бірге «Алтын күз» өлеңін айтты.  Күз ханшайымымен  бірге «Жаңбыр» биін билеп, «Шалшық пен галош»  ойынын ойнап, балалар белсенділік танытты. Күз мерекесі балаларға өте қызық әсер қалдырды.