«Айналайын» бөбекжайының жас мамандарымен «Көтеріңкі көңіл-күй» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру еді. Сонымен қатар келесі міндеттер алдыға қойылды, ол: бір-біріне деген сенімділік, психологиялық қолдау көрсету, шығармашылық бағыт беру. Тренинг жоспары бойынша педагогтарға 6 ойын-жаттығулар ұсынылды, олар: «Маған -саған», «Есте қалған қызықты оқиға», «Жасырын хат», «10 бөлмелі пәтер», «Әртістер», «Біз көңілдіміз!». Тренинг барысында педагогтар өз ойларын ортаға салды. Тренинг соңында «Ашығын айтсам» рефлексиясы өтті. Жас мамандарға күнделікті жұмыстағы әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керегі, стресстен қалай оңай құтылу жолдары, жұмыс барысында ойларын ашық жеткізуге, түсінбеген жағдайларда тәжірибесі бар мамандардан көмек сұрауға, кикілжін мәселелерді біріге отырып шешу туралы психологиялық кеңестер берілді.
http://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/198-ajnalajyn-b-bekzhajyny-zhas-mamandarymen-k-teri-ki-k-il-k-j-ta-yrybynda-trening-tti.html#sigFreeId1ad4ff1b8f












